Kyzylorda-news.kz. Елорда төрінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайындаөткен парадзюдодан Азия чемпионаты қазақ спортшылары үшін табысты түйінделді. Құрлықтық біріншілікке барлығы 11 ел қатысып, бақ сынады. Жекелей сында балуандар барын салса, командалық есепте қазақ дзюдошылары қарсылас шақ келтірмеді. Қос белдесуде де ұлттық құрама қоржынына олжа алып келген Олжас Оразалыұлы қазақ елінің абыройын тағы асырып, жерлестерінің мерейін өсірді.
Алдымен балуандар жекелей сында бақ сынады. Татами төрінде әйелдер, сосын ерлер өнер көрсетіп, Азияның атағын сынға салды. Біздің Олжас 73 келіде өнер көрсетіп, жартылай сынға дейін сүрінбей өтті. Тек ақтық сынға жолдаманы уысынан шығарып, қола үшін белдесуде мықты екенін көрсетті. Олжас жалпы бұған дейін сары құрылық бәсекесінде топ жарып, парадзюдодан Әлем чемпионатында алтынмен қуантқан болатын. Былтыр тек қоламен қуантып, ақтық сынға өте алмай қалғаны болмаса. Сол олқылықтың орнын биыл толтыруға ниетті. Әрине бұл жолы сәттілік жетіспеді демесек, қазір ол нағыз спорттық бабында тұрған балуан.
«Өз елімізде өтіп жатқаннан кейін сенім мен жауапкершілік жүгі өте ауыр болды. Дегенмен жүлде алуға тырыстым, бұйырғаны қола болды. Алдыда Әлем чемпионаты мен келер жылғы Олимпиада ойындары күтіп тұр. Алла абырой берсе алтынсыз оралмаймын деген үміттемін. Бапкерлерім мен жанкүйерлеріме үлкен алғыс айтамын», – деді Олжас.
Келесі күні командалық сында қыздар мен жігіттер жан берісіп, жан алысты. Алдымен әйелдер құрамасы алтынды жұлып алса, келесі күні ерлер бозкілемге көтерілді. Командалық сында Қазақстан ерлер құрамасында Ерғали Шамей (J1-73 келі), Жанбота Аманжол (J2-90 келі), Ерлан Өтепов (J1+90 келі), Олжас Оразалыұлы (J2-73 келі), Абылай Әділбеков (J1-90 келі) және Ерлан Конкиев (J2 +90 келі) ел намысын қорғады. Қазақстан үшін командалық жарыстағы шешуші белдесу Өзбекстан құрамасына қарсы өтті. Парадзюдо бойынша әлемде мықты ел болып саналатын Өзбекстанды қазақстандық спортшылар 4:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Осы кездесуде ең тартысты белдесу Олжас Оразалы мен Токио Паралимпиадасының чемпионы Феруз Саидов арасында өтті.
Белдесу басында Феруз Саидов бірінші вазари ұпайын еншілеген. Десе де, негізгі уақытта отандасымыз Олжас тиімді әдіс қолданып, есепті теңестіріп үлгерді. Қос балуанның күресі қосымша уақытқа дейін жалғасты. Қосымша уақытта Олжастың Феруз Саидовқа қолданған әдісі нәтижелі шығып, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.Феруз Саидов Токиода өткен Паралимпиада ойындарының финалында отандасымыз Дәулет Те-міржанды ұтқан болатын. Біздің Олжас Азия чемпионатында командаласы Дәулеттің есесін қайтарды.
Осы кездесуде Ерғали Шамей, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов те өз кезегінде қарсыластарынан басым түсті. Жарыс айналмалы жүйеде өткендіктен ел құрамасы Өзбекстаннан кейін Моңғолия командасымен кездесіп, Азия чемпионатының командалық жарысында жеңімпаз атанды. Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Моңғолия мен Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жекелей жарысында төрт алтын, төрт күміс және алты қола жүлде жеңіп алған болатын. Олжастың бапкерлік құрамында Жанарбек Сансызбаев, Руслан Беркимбай және Біржан Иманбаев бар.
– Олжастың әрбір жеңісі жаңақорғандықтар үшін үлкен мақтаныш. Оның спортқа деген қызығушылығы бала кезден көрінді. Оның жас болса да жігері мықты, жеңіске деген құлшынысы осындай биікке шығарды. Сондықтан, осы жолдан таймаса ол әлемді бірнеше рет бағындырарына күмәнім жоқ, – дейді алғашқы бапкері Біржан.
Осы тұста айта кетейік, 2018 жылы парадзюдодан Португалияда өткен Әлем чемпионатында жаңақорғандық жас Олжас Оразалыұлы алтыннан алқа тағынып, қазақ елінің мерейін өсірген болатын. Оны сол алтыны Олжасты қазақстандық ең жас чемпиондар тізіміне енгізген еді. Міне, араға 4 жыл салып, сол тұғырға қайта қонды. Бірақ, бұл жолы бауанымызға бұйырғаны қола болды. Жас спортшының осыған дейінгі жеткен жетістігі бір төбе. Кешегі жеңісімен қазақ жұртын тағы бір қуантып, Сыр елінің абыройын асырды.
Биылғы әлемдік бәсеке Әзірбайжанның Баку қаласында өтті. Әлемнің 41 елінен 400-ден аса дзюдошы батарын сынап, ел абыройын арқалап барды. Бұл сында қазақ балуандарына қос алтын бұйырды. Ал, Олжас 73 келіде өнер көрсетіп, шешуші сәтте сүрініп, қола үшін қарап қалмады. Ол осыған дейін әлемдік кубок жолында бірнеше жүлдемен оралып жүрді. Қазір ол өз салмағында Қазақстанда теңдесіз балуан.
– Екінші мәрте алтын тұғырдан көріну басты мақсатым болған еді. Қола бұйырды, Аллаға шүкір. Келер жылы кеткен есені қатайрып, байрақты бәсекелерде барымды салатын боламын. Екі жылдан Олимпиада ойындары бар, оған да баруға бар күш-жігерімді саламын. Бұйырса жеңісті күндердің ауылы алыс емес, – дейді Сыр елінің мақтанышы.
Жалпы Жаңақорғанда дзюдо спорты қайта еңсе тіктеп келеді. Жас балуандар жігерін жанып, облыстық сындарды сыналып жүр. Сондықтан Олжастың соңынан еретін балуандар әлі талай аудан топырағынан шығады деп сенеміз.
– Олжастың әрбір жеңісі жаңақорғандықтар үшін үлкен мақтаныш. Оның спортқа деген қызығушылығы бала кезден көрінді. Оның жас болса да жігері мықты, жеңіске деген құлшынысы осындай биікке шығарды. Сондықтан, осы жолдан таймаса ол әлемді бірнеше рет бағындырарына күмәнім жоқ, – дейді алғашқы бапкері Біржан.
Ұлттық құрама мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Олжас М.Нәлібаев ауылының тумасы. Алғашқы бапкері Біржан Иманбаев болды. Кейіннен қалаға қоныс аударып, сонда тәлім алады. Жанарбек Сансызбаев пен Руслан Беркімбай баптайтын балуаннан әлі талай жеңіс күтеміз. Ең бастысы, Олимпиада жүлдесі бұйырсын, жерлестері соған тілеулес.
Ұлттық құрама мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Олжас М.Нәлібаев ауылының тумасы. Алғашқы бапкері Біржан Иманбаев болды. Кейіннен қалаға қоныс аударып, сонда тәлім алады. Жанарбек Сансызбаев пен Руслан Беркімбай баптайтын балуаннан әлі талай жеңіс күтеміз. Ең басты¬сы, Олимпиада жүлдесі бұйырсын, жерлестері соған тілеулес