Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданына қарасты Ақүйік ауылындағы спорт кешенінде «Балалар жылына» орай еркін күрестен 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа қала, кент және ауылдық округтерден 8 команда 115 спортшы қатысып, жүлде жолында бақталасты.

Жалпы, Сыр өңірі еркін күрес мектебінің іргетасы Жаңақорған ауданында қаланған. Жарты ғасырға жуық тарихы бар бұл спорттан қаншама әлем чемпионатының жүлдегерлері мен құрлықтық бәсекелердің чемпиондары шықты. Соңғы 15 жылда 4 рет қатарынан аудан балуандары Олимпиада да өнер көрсетіп, аудан мерейін үстем етті. Сондай-ақ, осы спорт түрінен басқа да әлемдік сындарда жүлделі орындар иеленіп жүрген жастар аз емес. Міне, солардың ізбасарлары алғашқы баспалдағын бастады.

Бұл турнирге келген бала балуандардың дені аудандық жарыстардың жүгінде жүр. Өйткені, жастары әлі кіші, бірақ болашағы зор деп білеміз. Ең бастысы, үлкен спорттағы манбасын жалғастырып, жарыс жолында жүрсе әлі талай тұғырдан көрінетіні сөзсіз. Бүгінгі жарыстың жеңімпаз жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
 

Тағы да оқыңыз: