Kyzylorda-news.kz Пәкістанның Лахор қаласында жамбы атудан Әлем кубогіне іріктеу кезеңі қорытындыланды.
Іріктеудің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен командалық есепте 1-орынға ие болып, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Ұлттық құраманың сапында жерлесіміз Пернебай Ақәділ де керемет өнер көрсетті. Мергендер ендігі кезекте Араб мемлекетінде өтетін Әлем Кубогінде сынға түспек.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы