Kyzylorda-news.kz Пәкістанның Лахор қаласында жамбы атудан Әлем Кубогына іріктеу өтуде. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасы алтыннан олжа салып, жалпы командалық есепте алғашқы орынға жайғасты. Ұлттық құрама сапында қызылордалық спортшымыз Пернебай Ақәділ де бар.

Сыр спортшысы биыл алғаш рет ересектер арасында өнер көрсетуде. Сыр елінің сұр мергені алдағы маусым айында жастар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысатын болады.

Айта кетейік, ертең ұлттық құраманың спортшылары мажар стилінде сайысатын болады. Жарыста үздік атанған үш команда Сауд Арабиясында өтетін Әлем кубогының қорытынды финалына жолдама алады.

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: