Kyzylorda-news.kz  Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты.

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. 

Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасына жеті боксшы барған болатын. 

Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтап, көрермен қатарына қосылды.

Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жекектерінде жарыс жолын аяқтаса, тек олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады.

Айта кетсек, Қазақстан екінші олимпиада қатарынан бокстан алтын медалсіз қалды. Еліміз Олимпиада ойындарынан 1996 жылдан бері алтын медальсіз оралмаған. 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада алтын алмау дәстүрі бұзылып, тек екі қола медаль ғана еншілеген едік. 

1996 жалдан бергі олимпиада чемпиондары:

  • Атланта 1996 - Василий Жиров
  • Сидней 2000 - Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов
  • Афины 2004 - Бақтияр Артаев
  • Бейжің 2008 - Бақыт Сәрсекбаев
  • Лондон 2012 - Серік Сәпиев
  • Рио 2016 - Данияр Елеусінов

Тағы да оқыңыз: