Kyzylorda-news.kz.  21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиғақазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанадааяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды.

Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

Үшінші кезеңдеТүркістан,Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытауоблыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстауоблыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматықаласы мен  Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.

100 км:

Жетісу облысы - 06:57:11
Маңғыстау облысы - 07:30:48
Алматы қаласы - 07:35:52
Қостанай облысы - 08:18:54
Жамбыл облысы  - 08:24:30 
Астана қаласы - 08:35:16 
Қарағанды облысы - 09:24:28
СҚО - 09:32:21 
Ақмола облысы - 09:53:57 
Түркістан облысы - 10:42:08
Абай облысы  - 10:45:39
Ұлытау облысы - 11:14:30
 Павлодар облысы  - 12:48:13 
«Рекорд» командасы.

300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ

Жетісу облысы - 19:41:06 
Маңғыстау облысы -20:13:16 
Алматы қаласы - 20:31:38 
Жамбыл облысы  - 21:44:47 
Қостанай облысы - 21:48:55 
Астана қаласы - 23:08:36 
Қарағанды облысы - 23:49:23 
Ақмола облысы - 24:21:23
СҚО - 25:09:07 
Түркістан облысы - 26:26:44
Абай облысы  - 26:29:16 
Ұлытау облысы - 28:13:15 
Павлодар облысы  - 28:59:26 
«Рекорд» командасы.

 Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы. 

0d7f7e06-261c-4b51-bcff-a78929fdd0d2.jpg

 

1c0796f2-bfe5-4415-b591-803be9b97bb6.jpg

 

6e887d8c-e239-4b21-be56-2336cc21e934.jpg

Тағы да оқыңыз: