Kyzylorda-news.kz.   ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып,қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.

Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Осы орайда Аманкелді ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен және ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен дойбы спорт түрінен ауыл тұрғындары арасында жарыс өткізілді.

Жарысқа ауыл тұрғындары мен жастардан он екі адам қатысып, бақ сынасты.
Шараның мақсаты бұқара халық арасында ұлттық спортты насихаттау және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

Жарыс қорытындысы бойынша Жүсіпов Исабай I орын, Серікбаев Бексұлтан II орын, Смағзамов Нұрбек III орынға ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылардың дайындаған алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды.
Қазақта 150-ге тарта ұлттық ойындар барын біліп пе едіңіз?! Оларды зерттеген Е.Сағындықов, Ә.Диваев секілді ғалымдар: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, жануарлар дүниесі, аңшылыққа байланысты ойындар, дене шынықтыру спорт ойындары деп бөліп қарастырады. Әрине, ол ойындардың бүгінде біразы ел есінен шығып, ұмытылып кетті.

Осындай ұмыт бола бастаған ұлттық ойынды жандандырып, дәстүрді жаңғыртқан ауыл тұрғындарын, жеңімпаздарды біз де өз кезегінде жеңістерімен құттықтаймыз!

Тағы да оқыңыз: