Тұрсынбай Құлахмет екінші жекпе-жегінде WBC титулын иемденді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Тұрсынбай Құлахмет екінші жекпе-жегінде WBC титулын иемденді

12.11.2020, 9:20

264 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған Оңтүстік Крикбидегі (Ұлыбритания) бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды  Sports.kz.

Онда Құлахмет бірінші орта салмақта WBC International чемпионы вакантты белбеуі үшін жеңіліп көрмеген британдық Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) титулдық жекпе-жек өткізді. Тоғыз раундқа есептелген бұл айқас төрешілердің шешімімен (99-89, 99-89, 99-89) бірауыздан Тұрсынбайдың жеңісімен аяқталды. Жетінші раундта британдық нокдаунға түссе, сегізінші раундта рефери қазақстандық боксшының есебінен бір ұпай шегерді.

26 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі болатын. Ал қарсыласына келер болсақ, Макгоуэн алғаш рет жеңіліс тапты.

0

Пікір қалдыру