Kyzylorda-news.kz. 2020 жылғы Токио Олимпиадасы Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық арналар Олимпиаданы тарату құқығын сатып алу туралы келісімге келді. Осылайша, ойындарды Qazsport, Qazaqstan және “Хабар” көрсетеді.

Бұған дейін Олимпиада ойындарының трансляциясын тарататын компания Қазақстаннан өте үлкен соманы сұраған болатын.

Еске салайық, Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасында спорттың 27 түрінен 97 лицензия бар. Төртжылдықтың басты додасында барлығы 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Тағы да оқыңыз: