Kyzylorda-news.kz. Қырғызстанның Бішкек қаласында 4-8 мамыр аралығында өткен гір көтеруден Азия чемпионатына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары қатысты.  

Чемпионатта Корея, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Үндістан, жалпы саны 15 мемлекеттен келген 500-ден астам спортшы бақ сынады.

Сайыста Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Төлеген Қайсар 78 келі салмақта 1-орын иеленіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды. Студент гір спортынан Қазақстан Республикасының Спорт шебері, Азия чемпионы және әлемнің қола жүлдегері. 

Чемпионатта университеттің аға оқытушысы Мұхан Әділбек ардагерлер арасында +85 келі салмақта 1-орын иеленіп, чемпион атанды.
Сондай-ақ, оқу орнының студенті Әділет Қалжанов 68 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 
 

Тағы да оқыңыз: