Kyzylorda-news.kz Таеквондо шығыс күресіне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. Бұл спорт түрі 2000 жылдан бастап олимпиядалық спорт түрі болып саналады. Қазіргі таңда Сырдария ауданының таеквондомен айналысып, жеңіспен оралып жүрген жас спортшыларымыз баршылық. Осы орайда, №11 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшыларын атап айтуға болады.
Апта ағымында, Алматы қаласында таеквандодан балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс нәтижесінде сырдариялық 34 кг салмақ дәрежесінде Диас Бексейтов жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жас спортшының жаттықтырушылары білікті бапкерлер Марат Алдабергенов пен Бақытжан Баймырзаев.
– Қазіргі таңда N11 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттығып, ауданымыздың атынан ауқымды байқауларда жақсы жетістікке жетіп жүрген спортшылар жетерлік. Диас болашағынан зор үміт күттіретін спортшымыздың бірі. Дайындыққа күнделікті қатысады, өте алғыр бала. Табандылық пен қайсарлығының арқасында ІІІ орынға ие болды. Осы ретте аудан спортшылары болашақта ел намысын қорғап, көк туымызды әлемдік ареналарға шығаратынына сенім мол, – дейді жаттықтырушы Марат Алдабергенов.
Фото: kt.kz