Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы және және «Дарын», «Халыққа қызмет» БПҰ бірлесіп ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалінің аумақтық кезеңі өз мәресіне жетті.

Бұл фестивалдің мақсаты – инклюзиялық қоғамды дамыту және насихаттау және инклюзиялық спорт-мәдени іс-шараларды өткізу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастарымен достық байланыстарын нығайту, олардың әлеуметтік белсенділігін, сенімі мен өзара сыйластықтарын арттыру.

Аталған фистивальді «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева ашып, фестивальдің мақсатын айта отырып, қатысушы барша командаға сәттілік тіледі.

Аудандық іріктеу жарысына қатысуға ниет білдіріп, асқақ абыройдың биік шыңынан көрінуді мақсат еткен оқушылардан құралған 7 команда қатысты.
Мектеп оқушылары арасындағы «Тең мүмкіндіктер» атты аумақтық спорт фестиваліне «Дарын» БПҰ төрағасы, аудандық білім бөлімі басшысы Садықов Талғат, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлінің басшысы Бөлембаев Қанат, «Қазақ Зағиптар Қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жалағаш аудандық бастауыш ұйым төрағасы, «Ұлы Орда күші» ҚБ басшысы Айдынбай Сейфумәлік, Жалағаш ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөнінде сарапшы Балмурзаева Әсел, этнос өкілдері Пак Лилия, Шарипова Айзан және аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің мамандары қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің «Жас спортшылар» командасы мен А.Бисенов атындағы №38 орта мектебің «Біз мықтымыз» командасы иеленді. Өз мықтылықтарын көрсетіп жүлделі ІІ орынды №124 орта мектебінің «Қыран» командасы мен Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің «Жас дәурен» командары қанағат тұтты. Бағы мен бабы келісіп жеңіс тұғырынан көрінген №124 орта мектебінің «Қыран» командасы, №202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектебінің «Жас өркен» командасы және М.Байділдаев атындағы №232 орта мектебінің «Мардан спортшылары» командалары І орынға ие болды.

«Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалінің аумақтық кезеңіне қатысушы барша командалар «AMANAT» партиясының арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен мараптталды.
Бүгінгі сайыста жеңіс тұғырынан көрініп, үздік нәтиже көрсетіп І орын алған командалар «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалінің облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жеңімпаздарымыз Қызылорда қаласында өтетін облыстық спорт фестивалінде Жалағаш ауданының намысын қорғайтын болады.

Фото: degdar-news.kz

Тағы да оқыңыз: