Kyzylorda-news.kz Дзюдошы Санжар Еруланұлы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Egemen.kz.
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта белдесті. Финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге екі медаль бар. Бұған дейін осы салмақта Асқар Біржанов қола жүлдеге ие болған еді.
Еске сала кетейік, Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирінде отандық балуандар үш жүлде жеңіп алды. 66 кг салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев чемпион атанды.
Сурет: ҰОК
