Kyzylorda-news.kz Шын мықтыларды шыңдауда спорт мектептерінің жүйеленген жұмысы мен жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігі айрықша маңызға ие. Бұл ретте Қызылорда қаласындағы №6 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі талай талантты шыңдап, аймақ абыройын асқақтатқан спортшыларды тәрбиелеп келеді.
Қазіргі таңда аталмыш мектеп спорттың 11 түрі бойынша 1 317 спортшыны кәсіби түрде бағыттауда. Атап айтқанда, ауыр атлетикада – 1 жаттықтырушы, 49 спортшы, дзюдода – 5 жаттықтырушы, 133 спортшы, бокста – 5 жаттықтырушы, 138 спортшы, грек-рим күресінде – 2 жаттықтырушы, 74 спортшы, еркін күресте – 4 жаттықтырушы, 137 спортшы, футболда – 11 жаттықтырушы, 407 спортшы, каратэде – 2 жаттықтырушы, 107 спортшы, унифайтта – 1 жаттықтырушы, 49 спортшы, муайтайда – 1 жаттықтырушы, 43 спортшы, қазақ күресінде – 2 жаттықтырушы, 71 спортшы, самбода – 1 жаттықтырушы, 109 спортшы қамтылған.
Спорт түрлері бойынша 35 жаттықтырушы-оқытушының 2-і жоғары санатты мамандар. Ал, қалған 6 жаттықтырушы І санатты болса, 20-сы ІІ санаттағы жаттықтырушылар.
Спортшылар мен жаттықтырушылардың еселі еңбегінің нәтижесінде 2024 жылы Әлем чемпионатынан – 1 қола, Азия чемпионатынан – 3 алтын, 2 күміс жүлдені жеңіп алды. Ал ҚР чемпионаттарынан – 14 алтын, 9 күміс, 15 қола медаль еншіледі.
№6 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі 6 мен 14 жас аралығындағы балаларды ақысыз түрде қабылдайды.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы