Kyzylorda-news.kz   Жақында Байқоңыр қаласында таеквондодан ғарышкерлер күні аясында Респуликалық турнир өткізілген болатын. Аталған турнирге Сырдария ауданының намысын қорғаған спортшылар бақ сынады. Әр салмақ бойынша шеберлік байқасқан саңлақтар жеңіс тұғырынан көрінуге талпынды.

        Жұлдызды қалашықта жүзеге асқан турнирге №11 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің спортшылары жарыс жолына шықты. Жарыс нәтжесінде, ұлдар арасында 36 келі салмақ дәрежесінде Ғани Шахарбек ІІ орын және Диас Бексеійтов 3 орынды иеледі. Ал қыздар арасында 49 келі салмақ дәрежесінде Жанерке Сәтбаева ІІ орын, 160см-ден Дидарай Рахымбердина ІІІ орын,  Мадина Амантай ІІІ орынды жеңіп алды. Сырдариялық спортшылардың жаттықтырушылары білікті бапкерлер Марат Алдабергенов пен Бақытжан Баймырзаев екенін айта кетейік.

– Біздің спортшыларымыз  айтулы күн аясында өткізілген жарыста жоғарғы табысқа қол жеткізе алды. Спортшылардың аяқ алысын бағамдап,  кемшілліктермен жұмыс жасайтын болады. Бұданда жоғарғы жетістіктерге қол жеткізу үшін барымызды саламыз. Республикалық турнирде жүлделі орыннан көріну – жаман нәтиже емес. Үздіксіз жаттығудың арқасында спортшыларымыз жоғарғы табысқа қол жеткізеді деп сенеміз, – деді тәжірибелі бапкер Марат Алдабергенов. 

Тағы да оқыңыз: