Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында «Сыр болашағы» спорттық, шығармашылық орталығының дзюдодан ашық біріншілігі өткізілген болатын. 

Аталған жарыста нағилық өрендер бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. 

Білектің күшімен қарсыласты шан қаптырған спортшыларымыз жаттықтырушы қойған әдіс-тәсілді сәтті орындап шықты. 

Өз кезегінде ашық біріншіліктің І орнына 38 келі салмақта Қуат Болат, 32 келі салмақта Сабыржан Мешітбаев, 29 келі салмақта Рахман Дарханұлы, 23 келі салмақта Рахат Гажданбек ие болды. ІІ орынға 29 келі салмақта Әділет Қалдыбек, 26 келі салмақта Дарын Қуанышұлы 35 келі салмақта Нұрғиса Бекболат, 32 келі салмақта Нұрбол Мұханбет табан тіреді. ІІІ орынға қол созған спортшылар арасында 35 келі салмақта Нұрперзент Ерболов, Қайсар Аққозы, 26 келі салмақта Әділет Әуезхан, 23 келі салмақта Диас Нұрланов, 29 келі салмақта Нұралы Мейрамбекұлы, 20 келі салмақта Жалғасхан Базархан бар. Ал қыздар арасында 36 келі салмақта Жібек Жәнібекқызы жеңімпаз атанса, Асылай Маргаждар үшінші тұғырдан көрінді.

– Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылының тұрғындары әркез жеңіс тұғырынан көрінуде. Өз кезегінде балғын дзюдошыларымыз  қалалық ашық біріншілікте кіл мықтылар арасында табандылық таныта білген спортшыларымызға дән ризамыз. Мемлекеттік бағдарлам шеңберінде спортшылардың жаттығуына барлық жағдай жасалып келеді. Біз қашанда спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Өз кезегінде білікті бапкердің нұсқауымен спортшылар талай белесті бағындыра береді, – дейді орталық құрылтайшысы Анар Қалдыбаева.   

 

 

 

Тағы да оқыңыз: