Kyzylorda-news.kz   Апта ағымында Шиелі ауданында “Ұлттық жекпе-жек” спорт түрінен Ұлы отан соғысының ардагері Бекетай Елеупановтың 100 жасқа толуына орай еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті.

Турнирге Сырдария ауданының спортшылары да қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтар болсақ, 8-9 жас аралығында 35 кг салмақ дәрежесінде Шыңғыс Нұрбекұлы ІІ орын, +40 кг салмақ дәрежесінде Ерасыл Ергалиев І орын иеленді. Ал, 10-11 жас аралығында 33 кг салмақ дәрежесінде Эльдар Ақайдаров ІІІ орын, 39 кг салмақ дәрежесінде Аслан Саладин ІІІ орын,12-13 жас аралығында 43 кг салмақ дәрежесінде Ғалымжан Мейрамбек ІІІ орынмен марапатталса, 50 кг салмақ дәрежесінде Нұркелді Нұрғазы 1 орын белбеу иегері атанды. Сонымен қатар, 14-15 жас аралығында 63 кг салмақ дәрежесінде Қуаныш Анапия 3 орын, 16-17 жас аралығында 63 кг салмақ дәрежесінде Мадияр Болатов 1 орын және 70 кг салмақ дәрежесінде 1 орынды жеңіп алды. Жас спортшылардың жаттықтырушысы білікті бапкер Данияр Жүсіпбаев.

– Жас спортшыларымыз ауданымыздың атынан көптеген жарыстарға қатысып жақсы жетістікке жетіп жүр. Тыңғылықты дайындықтың арқасында біраз шыңдалып, алдағы жарыстардан биіктерден көрінеді деп мол сенім артамын, – дейді жаттықтырушы Д.Жүсіпбаев.

 

Тағы да оқыңыз: