Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария ауданына қарасты орталық стадионда аудандық мәдениет және спорт бөлімі мен спорт клубтың ұйымдастыруымен Астана күні мерекесіне орай стритболдан аудан тұрғындары арасында біріншілік өткізілген болатын. Негізінен, аталған жарыста 6 команда, 40-ға жуық спортшы қатысты.
Аудандық біріншілік барысында стритбол спортының үздіктері анықталды. Елорда күні мерекесі аясында жастар жаңадан салынған стритбол алаңында қызықты ойын өрнегін көрсетті. Өз кезегінде 6 команда бір-бірімен кездесіп, өзара ұпай бөлісті. Ойынның әділ өтуін жарыстың бас төрешесі Мұхтар Әбжаппаров бақылады. Жарыс қорытындысында жүлделі І орынды «Golden state» командасы, ІІ орынды «Волейболшылар» командасы, ІІІ орынды Шаған ауылынан келген команда ойыншылары жеңіп алды.
– Стритболдан жарысқа түскен командалар жақсы дайындықпен келгені байқалды. Барлық ойын барысы бас төрешінің нұсқауымен жүзеге асты. Шын мәнінде, еліміз бойынша тойланып жатқан Астана күні мерекесі көпшілікке ерекше көңіл сыйлады. Аудандық спорт клубы тарапынан бірнеше жарыс ұйымдастырылып, тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасалады. Өз кезегінде бүгінгі жарыста жеңімпаз атанған жүлдегерлерді құттықтаймыз, – аудандық спорт клубтың директоры Диас Әлжанов.
Бұл ретте, спортшы жастарға арнайы диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды.