Kyzylorda-news.kz. Жақында Алматы қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында қазақ күресінен және еркін күрес түрлерінен КСРО спорт шебері Рахымжан Байжұмаұлын еске алуға арналған республикалық турнир өткізілген болатын. Аталған турнирде сырдариялық спортшылар бақ сынады

Еліміздің 14 облысынан 650-ге жуық спортшы қатысқан жарыста қазақ күресінің палуандары айтарлықтай нәтиже көрсетті. Айта кетейік, +38 келі салмақта А.Шахарбек жүлделі І орын, 65 келі салмақта ІІ орын иеленді. 

Байрақты бәсекеде қос спортшымыз жүлделі орындардан көрінді. Біз спортшыларымызды қашанда физикалық, моральдық тұрғыдан тәрбиелеп отырамыз. Осы жолғы жарысқа ұзақ уақыт дайындалдық. Бозкілемде  бәсекеге қабілетті бола білу – әрбір спортшы үшін маңызды рөл ойнайды. Балалар жақсы дайындықпен келгенін байқата білді. Алдағы уақытта бізді бұданда мықта жарыстар күтіп тұр. Әркез спортшыларды дамыта отырып, зор жетістікке қол жеткізе береміз. Қазіргі уақытта Сырдария ауданы бойынша қазақ күресі жоғары дәрежеде даму үстінде. Расында, біз ұлттық спорттың тоқтап қалмауы үшін жұмыс жасаймыз. Бозкілемде жарқырайтын күн алыс емес, – деді спортшылардың бапкері Жасұлан Қаусов. 

 

Тағы да оқыңыз: