Kyzylorda-news.kz. Жақында Қызылорда қаласында ARASHI MMA-дан Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу жарысы өткізілген болатын. Аталған жарысқа ауданға қарасты Сырдария спорт клубының аралас жекпе-жек ММА спорт түрінен спортшылары қатысып, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді.

Жарыс нәтижесі бойынша 30 келі салмақта Арнұр Асанов І орын, 46 келі салмақта Асылжан Абетов І орын, 34 келі салмақта Аян Іскендиров І орын, 46 келі салмақта Ернұр Жанарыс І орын, 54 келі салмақта  Диас Кәжденбеков ІІ орын, 46 келі салмақта Қуаныш Сансызбаев ІІ орын,  30 келі салмақта Диас Әбдірахманұлы ІІІ орын, Мадияр Әбдірахманұлы ІІІ еншіледі.

Жас спортшыларды облыстық бәсекеге дайындаған бапкері Иса Әкімжанов спортшылардың жетістігіне тоқталды.

– Бүгінде аймағымызда ARASHI MMA-мен айналысатын өскелең жастар қатары аз емес. Осыған дейін өткізілген жарыстарда спортшыларымыз жеңіс  тұғырынан көрінуде. Әр салмақ бойынша жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымыз республика көлемінде аудан мерейін асыратын болады. Алдағы уақытта дайындықты күшейтіп, ел біріншілігінде жеңімпаздар қатарында боламыз деп сеніммен айта аламын, – деді жаттықтырушы.

Бүгінде спорт клубының спортшылары биік белестерді бағындыруда. 

Тағы да оқыңыз: