Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында каратэден жасөспірімдер арасында «Zhaniya school» қосымша білім беру орталығының жүлдесіне арналған қалалық ашық біріншілік өтті. Аталған жарыста сырдариялықтар жүлделі орыннан көрінді.
Жарыс нәтижесі бойынша жерлестеріміз сайыпқырын спортшылар қатарынан табылды.
Мәселен, ұлдар арасында 25 кг салмақ дәрежесінде Мадияр Ибрай І орын, 30 кг салмақ дәрежесінде Асылжан Қазыбек ІІ орын,
-30 кг салмақ дәрежесінде Аңсар Ғалымжан ІІІ орын еншіледі.
35 кг салмақ дәрежесінде Ибраһим Сейткамалұлы І орын,
+35 кг салмақ дәрежесінде Нұрасыл Бақытбекұлы І орын және Жанболат Ибрагим 2 орын еншіледі.
Ал 30 кг салмақ дәрежесінде Алихан Талғатұлы ІІ орын,
-35 кг салмақ дәрежесінде Әділет Нұрлыбекұлы мен Дінмұхаммед Нұрбекұлы ІІІ орын, -40 кг салмақ дәрежесінде Ерасыл Бексейтов 1 орын -50 кг салмақ дәрежесінде Ернар Уалиханов ІІ орын иемденді.
Сонымен қатар қыздар арасында -30 кг салмақ дәрежесінде Асылым Мәлікқызы ІІ орын -35 кг салмақ дәрежесінде Кәусар Мақсатқызы ІІ орынды жеңіп алды. Айта кетейік, спортшылардың жаттықтырушысы – Салтанат Мырзабекова. Шын мәнінде, сырдариялық спортшылар әрбір жарыста жеңіс тұғырынан көрінуде. Алдағы уақытта мұндай жарыстар жалғасатын табатын болады.