Kyzylorda-news.kz.  Ақтөбе облысында президенттік сынамадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 

Жарыс нәтижесі бойынша жерлесіміз ардагерлер арасында Сырдария ауданы, Қалжан Ахун тұрғыны Мұрат Бөдеев бірінші орынды жеңіп алды. Сыр елінің атын қорғап сайысқа қатысқан жерлесіміз Президенттік көпсайыстан облыс құрама командасының мүшесі екенін айта кеткеніміз орынды. Сондай-ақ Мұрат Бөдеев бала тәрбиелеу ісіне ден қойған ұстаз. Нақтырақ айтсақ, ол №126 орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәніен сабақ береді. Өзі де өмірінде салауатты өмір салтын ұстануды құп көретін жерлесіміз әрдайым спортпен шұғылданып, денсаулығына бей-жай қарамайды. Оқушыларын да спортпен шұғылдануға үйретіп, алғашқы әскери дайындық барысын үйретіп жүрген жайы бар.

Айта кетейік, Президенттік сынама – 1996 жылдан бастап Қазақстан Үкіметінің №774 қаулысымен Қазақстан халқының денсаулығын сақтау мен қорғау үшін күнделікті емірге енгізген дене тәрбиесінің нормативтері. Президенттік сынама бірнеше жас топтарына бөлінген. Одан жарыстар сол жас топтары бойынша жыл сайын өтіп тұрады.

Ақтөбе қаласынан жүлдемен оралып, мерейі үстем болған жерлесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.
 

Тағы да оқыңыз: