Kyzylorda-news.kz Бүгін Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қорының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында зіл темір көтеру және 100 метрге жүгіру бойынша спорттық сайыстар өтті.

Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірге деген құлшынысын арттыру, спортпен айналысуға шақыру болып табылады.

– Сайыс өз дәрежесінде тартысты өтті. Барлық спортшылар жақсы дайындықпен келген. Қызықты өткен сайыстың қорытындысы бойынша бірнеше спортшы жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 100 метрге жүгіру сайысында Ақнұр Қазтаева жүлделі III орын, Айдос Сейтжанов жүлделі II орынды иеленсе, Нұржан Қаратаев жүлделі I орынды еншіледі. Сонымен қатар,  зіл темір көтеру сайысында Асқар Тілектесов жүлделі III орынды, Нұрлан Кәлекеев жүлделі II орын және Бауыржан Пірманов жүлделі I орынорынға ие болды. Мұндай сайыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Барлық марапат иелерін құттықтаймын!, – дейді Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Нұржан Сейтжан.

Жарыс соңында сайысқа қатысушыларға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: