Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүрігізіліп жатқандығын бұған дейін айтқан болатынбыз. Өз кезегінде біренеше жылдан бері тозығы жетіп, күрделі жөндеу көрмеген аудандық спорт клубы қайтадан қалыпқа келтірілуде. Осы айдың басында басталған күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталатын болады. Осы күні мердігер мекеме «Жылу-ХХІ» ЖШС-нің бастамасымен жүргізіліп жатқан тиісті құрылыс жұмыстары бір сәтке бәсеңдеген емес.
Ең алдымен, құрылысшылар тозығы жеткен ғимараттың қас беттерінің қабырғасын толықтай түсіріп, сылақ жұмыстарын жасауда. Өз кезегінде ғимараттың 9 бөлмесіне қайтадан сылақ жүргізілетін болады. Сонымен қатар ескі ағаш терезелер толықтай алынып, пластикалық терезеге өлшемдер жасалынды.
– Қазіргі уақытта аудандық спорт клубына мердігер мекеме «Жылу-ХХІ» ЖШС-і жүргізуде. Алдағы үш айда тозығы жеткен спорт клубтың ғимараты жаңа сипатқа енбек. Күрделі жөндеу барысын мұқият бақылауда болады. Өйткені, бізге сапалы және ұзқ жарамды құрылыс жұмыстары жасалғаны дұрыс. Біз қай кезде халықтың баласы сапалы спортпен шұғылдануына жағдайы жасай білуіміз керекпіз. Қашанда ел алғысына бөленіп, спорт майталмандары жоғарғы жетістікке қол жеткізе берсін демекпіз, – дейді аудандық спорт клубының директоры Диас Әлжанов.