Kyzylorda-news.kz Жақында Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысымен, ‘’Иман-2013’’ қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жоба аясында аудандық ресми тіркелген діни бірлестіктер арасында қазақтың ұлттық спорт түрлері қазақ күресі, арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеруден спартакиада ұйымдастырылды.

Спартакиаданың ашылу салтанатында Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы М.Сейілханов және Сырдария аудандық спорт клубының оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Әкімжанов арнайы қатысты.

Спорттық іс-шараның ашылуында қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы М.Сейілханов сөз сөйлеп, іс-шараның мәні мен маңызы туралы айтты.

Тартысты өткен жарысқа 10 командадан 100 ден аса спортшылар қатысты.

Жарыс соңында Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы М.Сейілханов және Сырдария аудандық спорт клубының директоры Д.Әлжанов жеңіс тұғырынан көрінген командаларға диплом мен қаржылай сыйлықтарын табыстады.

Атап айтқанда Іңкәрдария ауылы 100 000 теңге, Нағи Ілиясов ауылы, 70 000 теңге, Шіркейлі ауылы 50 000 теңге ие болды. Ал қалған командаларға 15 000 теңгеден табысталды.

Тағы да оқыңыз: