Kyzylorda-news.kz Аудан орталығы Тереңөзек кентінде таеквондодан қара белбеу 4-ші жан иегері В.Пакты еске алуға арналған облыстық ашық біріншілігі өткізілген болатын.
Өз кезегінде ашылу салтанатында №11 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің директоры Бауыржан Есмағанбетов ашық біріншілікті ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.
– Таеквондо спортының дамуына зор үлес қосқан В.Пакты сплортшылар өз деңгейлерін байқатып, жеңімпаз атануға барын салады деп ойлаймын. Әрине, облыстық деңгейдегі жарыстар спортшылардың деңгейін шыңдай түсетіні жасырын емес. Сондықтан жас спортшыларға тек ғана жеңіс тілеймін, – деді Бауыржан Есмағанбетов.
Өз кезегінде облыстық таеквондодан аға жаттықтырушысы, таеквондодан спорт шебері Абай Оразбердин жарысқа қатысушылардың жігерін шыңдап, тілектестік білдірді. Жарысқа 10 команда 400-ден аса спортшы қатысқан болатын.
Айта кетейік, облыстық ашық біріншілік өз мәресіне жетіп, спорт мектебі таеквондошылары зор жетістікке қол жеткізді. Бұл ретте, жүлделі І орынды 35 келі салмақта Диас Бексейтов, 44 келі салмақта Жанерке Сәтбаева, ІІ орынды 38 келі салмақта Ғани Шахарбек, Дидарай Рахымбердина, ІІІ орынды Мадияр Досболулы, Әли Бахытбеков иеленді.
Айта кетейік, жас спортшылардың жаттықтырушылары – Марат Алдаберген мен Бақытжан Баймырзаев.