Kyzylorda-news.kz  Жақында Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан тұрғыдары мен жастары арасында жүгіру марафоны өткізілген болатын. Марафонға 100-ге жуық аудан тұрғындары қатысты.

Марафонның мақсаты – адамның денсаулығын жақсарту, аурудың алдын-алу және өмір сүру сапасын арттыру, бос уақытты және әлеуметтік қызметті ұтымды ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Жүгіру марафоны «Парасат» аланынаң бастап, «Жалын» тынығу лагеріне дейінгі аралықты қамтыды. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі І орынды, Қазбек Сейдікәрм, ІІ орынды Нұрхан Сансызбаев, ІІІ орынды Ердос Қуанышов жеңіп алды. Ал арнайы номинация бойынша бірнеше азамат марапат марапатталды.

– Жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауданда көпшіліктің қатысуымен ауқымды марафон өткізілді. Бірнеше шақырымды атқа тасқа спортшылар мен аудан тұрғындары жеңіс тұғырынан көрінді. Негізінен, жеңіл атлетикамен тұрақты түрде айнылса білетін жандар қаншама. Біз мұндай жарыстарды тұрақты түрде ұйымдастырып тұрамыз, – деді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айгүл Ахметова. 

Тағы да оқыңыз: