Kyzylorda-news.kz. Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Футбол мачтарын мыңдаған жанкүйер стадиондарда, ал миллиондаған адам теледидар экрандарынан тамашалайды. Танымал футболшылардың есімдері көпшілікке белгілі.

Осы орайда Сырдария ауданында да аяқдоп шеберлерінің сайысы жиі ұйымдастырылып келеді. Споршылар өз кезегінде ойынға белсене қатысып, саламатты өмір салтын сақтауға атсалысып келеді.

Жақында футзалдан Сырдария аудандық әуесқойлар футбол лигасы өтеді. Жарысқа Жалағаш ауданы құрама командалары және Сырдария ауданынан жасақталған командалар қатысады.

Осы орайда 11 шілде күні Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің мәжіліс залында мандаттық комиссия отырысы өтті. онда сайыстың ұйымдастырылу барысы, қатысатын командалар нақтыланып, талқыланды.

Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады. Олар Арафат  және Адия командалары Жалағаш ауданынан, Қызылдихан командасы, Регион 11 командасы, Қыран командасы, Эверест командасы, Хансұлтан командасы және Сәкен Сейфуллин құрама командалары.

Сайыс 15 шілде күні басталады. Осы күні сағат 17.00-де тұрғындар аудандағы орталық стадионға келіп, сүйікті командаларына жанкүйер бола алады.

Тағы да оқыңыз: