Kyzylorda-news.kz. Орал қаласында волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті.

Ел чемпионатында Сыр волейболшылары тағы да  І орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, осы жас ерекшелігі бойынша шеберлік байқасып жүрген жерлестеріміз Қазақстан Республикасының жазғы, күзгі жəне қысқы чемпионаттарына қатысып, төрт мәрте чемпион атанған болатын. Бұл – олардың бесінші жеңісі.

Команданы жарысқа Батырқожа Бабаев, Самат Сопбеков жəне Мұрат Мұхамадиев дайындады.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР қысқы чемпионатында жерлестеріміз 1-орынды иеленді.

Команданы жарысқа Өтепберген Абдраманов дайындады.

2005-2006 ж.т жасөспірімдер арасында Бекнұр Сайрамбек, Руслан Қалдыбек, Жанарыс Əлден, Бекарыс Досмағамбетов, Нұрхат Кенжебек, ал 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында Ержігіт Айбекұлы, Əділет Амангелдіұлы, Ғазиз Ізатіллаұлы, Богдан Таланов, Дамир Ибрагим жəне Ғабиден Алтынбек жақсы ойын өрнегін көрсетіп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты.

Тағы да оқыңыз: