Kyzylorda-news.kz Жақында Астана қаласында ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өткен болатын. Көптен күткен дүбірлі додада Сыр спортшылары үш алтын, бір күміс, үш қола медаль иеленіп, аймақ мерейін үстем етті.

Осыған орай, қаладағы темір жол вокзалында қызылордалық жанкүйерлер жеңімпаз спортшыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, оларға ерекше құрмет көрсетті. Салтанатты күтіп алу шарасына ата-аналар, спортшылар мен жаттықтырушылар және басқармаға қарасты спорт мектептерінің қызметкерлері қатысты.

Өз кезегінде жанкүйерлер жеңімпаз спортшылардың алдағы жарыстарына сәттілік тілеп, әлемдік бәсекелердің биік шыңдарын бағындыра берсін деп тілек білдірді.

Фото: Сыр спорты

 

Тағы да оқыңыз: