Kyzylorda-news.kz. Эстетикалық топтық гимнастикадан өткен Қазақстан Республикасының онлайн чемпионатында Сыр гимнастшылары жақсы өнер көрсетіп, күміс, қола жүлделерді иеленді.
8-10 жас аралығында сынға түскен жерлестеріміз Ақерке Елеусінова, Айару Мухтақызы, Найля Нұғман, Ақтілек Серікбекқызы, Еркеназ Маратқызы жəне Інжу Асылбек күміс жүлдеге ие болды.
14-16 жас аралығында шеберлік байқасқан қыздарымыз Дана Садықова, Динара Ерғалиева, Раушан Аспандиярова, Əсел Марат, Ақбота Өтеген, Аянат Ерлан жəне Надира Сыражадин ел чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.
Гимнастшылар 17-18 қарашада Шымкент қаласының, 28 қараша күні Жамбыл облысының онлайн жүйеде өтетін ашық чемпионаттарына дайындалуда.