Kyzylorda-news.kz Халықтың белсенді және салауатты өмір салтын  жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыстық психикалық денсаулық орталығының ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өтті.

Аталған сайыста қатысушылар асық ату, арқан тарту, батпан көтеру, ләңгі, қол күрес, бұқа тартыс сынды спорт түрлерінен бақ сынап, өздерін лайықты көрсете білді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан үздік болып шыққан 10 қатысушы диплом мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерін бағалады.

Тағы да оқыңыз: