Kyzylorda-news.kz. Облыстық спорт саласының құрметті қызметкері, ұлағатты ұстаз Толябаев Манас Аманбайұлын еске алуға арналған жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында волейболдан турнир өткізілді.

Аталған турнирге қаламыздан 9 команда, 100-ге жуық мектеп мұғалімі қатысып, өзара жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.

Турнирдің ашылу салтанатыда сөз сөйлеген Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А. Жаманқұл, Қызылорда қаласының білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы О. Алимбетова және туыстары Манас Аманбайұлының жеткен жетістіктері мен жасаған жақсылықтарын еске алып ізгі ниетпен жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен турнирде №112 орта мектеп бас жүлдені жеңіп алса, ІІ орын № 12 орта мектеп, ІІІ орын №179 орта мектебінің командасына бұйырды.

Турнирдің жеңімпаз командаларына ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйақылар табысталды.
І орын-100 мың тг.
ІІ орын-70 мың тг.
ІІІ орын-50 мың тг.
Турнирде үздік деп танылған номинация иегерлері мен жарыста төрелік еткен төрешілерге дипломадар табысталды.

Тағы да оқыңыз: