Kyzylorda-news.kz Спорт – мемлекеттің мәртебесін, халықтың рухы мен деннің саулығын нығайтайтын ең өзекті сала. Бұл ретте аймақтағы спорт мектептерінің спортшыларды дайындаудағы нәтижелі жұмысы айрықша маңызға ие. Соның ішінде, болашақ чемпиондары даярлауда жоғары жетістіктерге жетіп жүрген Қызылорда қаласындағы №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі спорттың 16 түрі бойынша балаларды кәсіби түрде бағыттап келеді.
Атап айтқанда, ауыр атлетикадан – 4 жаттықтырушы, 116 спортшы, әйелдер күресінен – 2 жаттықтырушы, 66 спортшы, байдарка мен каноэде есуден – 1 жаттықтырушы, 15 спортшы, бокстан – 4 жаттықтырушы, 112 спортшы, грек-рим күресінен – 4 жаттықтырушы, 84 спортшы, дзюдодан – 5 жаттықтырушы, 183 спортшы, еркін күрестен – 4 жаттықтырушы, 148 спортшы, көркем гимнастикадан – 4 жаттықтырушы, 121 спортшы, стенд атудан – 4 жаттықтырушы, 80 спортшы, таеквондодан – 4 жаттықтырушы, 114 спортшы, каратэден – 2 жаттықтырушы, 78 спортшы, кикбоксингтен – 2 жаттықтырушы, 48 спортшы, самбодан – 4 жаттықтырушы, 120 спортшы, шахматтан – 4 жаттықтырушы, 122 спортшы, қазақ күресі – 4 жаттықтырушы, 115 спортшы қамтылған.
Жоғарыда аталған спорт түрлері бойынша балалардың жас ерекшеліктері бекітілген. Осыған сәйкес балалар қалаған спорт түріне ақысыз негізде қабылданады. Нақтырақ айтсақ, ауыр атлетика – 8-14 жас, әйелдер күресі – 10-14 жас, байдарка мен каноэде есуден – 10-14 жас, бокс – 10-12 жас, грек-рим күресі – 10-14 жас, дзюдо – 10-12 жас, еркін күрес 10-14 жас, көркем гимнастика – 5-7 жас, стенд ату – 12-13 жас, таеквондо – 8-11 жас, каратэ – 7-9 жас, кикбоксинг – 10-12 жас, самбо – 10-13 жас, шахмат – 5-9 жас, қазақ күресі – 10-13 жастан басталады.
№1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі жүйеленген жұмыстарының нәтижесінде ең үздік спорт мектебі атанып, 1-ші орынға ие болды.
Сондай-ақ, аталмыш мектеп спортшылары 2024 жылы бірнеше спорт түрлері бойынша өткен ел чемпионаттарынан - 188 медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарынан - 45 медальді ел қоржынына салды.
Спорт мектебі туралы жеке сұрақтарыңыз болса мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Тағаеваға 8-7242-71-02-82 хабарласуларыңызға болады.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы