Kyzylorda-news.kz Спорт саласын дамыту, спортшыларға қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Осы орайда, өңірдегі спорт нысандарын заманауи талаптарға сай жаңғырту ерекше назарда.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы барлық ауданға жұмыс сапарымен барып, спорт кешендерінің жай-күйімен жан-жақты танысқан болатын. Осы сапар аясында басқарма басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы №16 Қармақшы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты ғимараттарға арнайы барып, нысандарды жаңа оқу жылына дейін демеушілер есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.

Бүгінде міндеттелген тапсырма кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, аталмыш мектепке қарасты ғимараттар күрделі жөндеуден өтті. Атап айтқанда, жаттығу залдары кеңейтіліп, ішкі әрлеу жұмыстары жасалды,киім ауыстыру бөлмелері мен жуынатын орындар толық жаңартылды, жылу беру жүйелері қайта жүргізіліп, қыс мезгілінде үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасалды, сыртқы қоршаулар мен тас төсеніштер жөнделіп, талапқа сай әрленді. Сонымен қатар, ғимараттардың аумағында абаттандыру жұмыстары қолға алынды.

Бұл жұмыстар болашақ чемпиондардың спортпен жүйелі түрде шұғылдануына қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, ауыл тұрғындары үшін де спорттық инфрақұрылымды қолжетімділігін арттырды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Спорт мектебі күрделі жөндеу 2.jpg

Тағы да оқыңыз: