Kyzylorda-news.kz  Кеше орталық алаңда партияның қалалық филиалы мен «Жастар рухы» Жастар қанатының және қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Спорт күніне» орай асық атудан сайыс өтті.

Шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов,Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова қатысып, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

«Асық ату - ұлтымыздың төл ойынының бірі. Осы орайда партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған сайысымызда өздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Бұндай сайыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады. Бүгінді додаға қатысушыларға сәттілік тілеймін»,-деді партия филиалының төрағасы.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Күн көрісі мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны адамның жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.

Шарада оқ бойы оза шапқан спортшыларды партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы мен «Қажымұқан» спорт клубының директоры Марат Тілеуұлы марапаттап, бағалы сыйлықтар, «Алғыс хат», медальдар табыстады.

Тағы да оқыңыз: