Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында өтіп жатқан ауыл спортшыларының «Алтын күз» спартакиадасының үшінші күні. 

Жарысқа келген командалар үшін шешуші күн десек артық айтқандық емес. Себебі бүгін біршама спорт түрінен финалға жолдама алған командалар белгілі болады. Сондай ойындардың бірі Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионда футболдан Қазалы мен Жалағаш ауданының командалары арасында өтті.

Қазалылықтар үшін маңызды матчқа аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы келіп, стадионнан тамашалады. Ойын басталар алдында Мұхтар Әуесұлы футболшыларға сәттілік тілеп, ақтық ойынға жолдама алуға тілектестігін білдірді.

Тартысты өткен ойын бірде бір есебімен аяқталды. Осылайша өз тобында үздік атанған жерлестеріміз финалға жолдама алды. Финалдағы қарсыласымыз Шиелі ауданының құрамасы. Ақтық ойын 9 қазан күні сағат 12:00-де Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионда өтеді.

Айта кетейік, финалдық ойынға ауданның қол добы мен баскетболдан ерлер мен қыздар командасы да жолдама алды.

Еске сала кетейік, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2022» ХХXV облыстық спартакиадасы басталды. Ауыл спортшыларының спартакиадасында Қазалы ауданының тоғызқұмалақшылары чемпион атанды.

футбол.jpg

Тағы да оқыңыз: