Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Әбдіманап Шорабаевты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында VIII Республикалық турнир өтіп жатыр.
Турнирге Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» П.Архабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Бекішев, зиялы қауым өкілдері, жас спортшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Турнир барысында аудандық мәслихат хатшысы сөз сөйлеп, турнирге қатысушы жас спортшыларға жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің көк байрағын әлемге танытып жүрулеріне тілектестігін білдірді.
«Бүгін жыл сайынғы дәстүрге айналған, ауданымызда кәсіпкерлік саласын дамытуда өз үлесін қосып, имандылық үйлері саналатын мешіттер салдырып, мұсылмандықтың бес парызының бірі қажылыққа баратын қаншама азаматтарға, тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созған, «Атымтай жомарт» атанған, меценат ауданымыздың «Құрметті азаматы» Әбдіманап Шорабаев атындағы бокстан спорттық сайысты бұған дейін облыстық деңгейде төрт рет өткізсек, биыл сегізінші рет республикалық деңгейде өткізіліп отыр. Бұл турнир жыл өткен сайын құлашын кеңге жайып, облысымыздың барлық аудандарынан, еліміздің әр аймағынан спортшылардың асыға келер дүбірлі додасына айналды. Еліміздің түкпір түкпірінен спорт жанашырлары, спортшылардың ауданымызға келіп, сайыстың көркін қыздыруы Әбдіманап бауырымызға арналған құрметі деп білеміз, – деді турнирге қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров.
Айта кетейік бүгінгі турнирге 10 облыстан 270 спортшы спортшылар қатысып жатыр.