Kyzylorda-news.kz. Бүгін елорда Астана қаласында ересектер арасында өткен қазақ күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы Төлепов Бекжан Әлімжанұлы туған жеріне оралды. Жерлестері спортшыны орталық спорт кешенінде салтанатты түрде қарсы алды.
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Бекжан Төлеповты жеңісімен құттықтап, спорт бәсекесінде ел намысын, Сырдың абыройын биікке көтергеніне алғыс білдірді.
Ал жеке кәсіпкер Балдаурен Құлқараев өз атынын спортшыға арғымақ тарту етті. Өз кезегінде Бекжан Төлепов жерлестеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге ұмтылатынын жеткізді.
Халықпен кездесуден кейін Шиелі ауданы әкімі Нұржан Ахатов чемпионды қабылдап, құттықтады.
Кездесуде әлем біріншілігінде көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелеткен Бекжан Төлеповты аудан әкімі жеңісімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.
Өз кезегінде спортшы да аудан әкіміне алғысын айтып, алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге ұмтылатынын жеткізді.
Айта кетейік, Бекжан Төлепов ақтық бәсекеде әзірбайжандық қарсыласынан басым түскен болатын.



