Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай, қазақ күресінен «Өнер барысы - 2022» турнирі өтті.  

Турнирді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі және «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі жобасы ұйымдастырды. Сайыс №9 Шиелі ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің қолдауымен Керделі ауылдық округіндегі Ш.Ермағанбетов атындағы спорт кешенінде өтті. Жарысқа ауылдық мәдениет үйінің мамандары және өнерпаз жастар қатысты. Аталған турнир командалық сайыс түрінде ұйымдастырылды.

Турнирді Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Абдулхайысұлы ашып берді. Аудан әкімінің орынбасары жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. 

Боз кілемде күш сынасқан өнер иелері бірінен-бірі қалыспады. Олардың барлығы қазақ күресінен алыс емес екендіктерін дәлелдеді. 
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орын – «АРЫСТАН» командасына бұйырды. Ал ІІ орынды – «КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК» командасы қанжығаларына байлады. ІІІ орын мінберінен – «СҰҢҚАР» командасы көрінді.

Жарыс соңында барлық қатысушылар арасында түйе палуан сайысы ұйымдастырылып, бұл сайыста жас ақын Бекжан Әмір жеңіске жетті. 

318629406_477863297801489_2369493715482988581_n.jpg
319880777_672425481270538_949079680707153652_n.jpg
319322202_882983186074793_3453517867428876363_n.jpg

Тағы да оқыңыз: