Kyzylorda-news.kz. 2022 жылдың 9-10 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына және Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында шағын футболдан Қармақшы аудандық ашық турнир өз мәресіне жетті.
Спорттық іс-шараға Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы мен Қармақшы ауданының жалпы білім беретін мектептерінен құралған 11 команда 110-ға жуық спортшы қатысты.
Спорттық шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жүйелі спортпен шұғылдануға тарту және мерекені кең көлемде атап өту болып табылады. Турнир жоғары деңгейде және тартысты өтті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер спортшыларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және демеушілердің медалдары мен сыйлықтары табысталды. Атап айтсақ, І орынды №15 ОРМБЖМ командасы, ІІ орынды Қызылорда қаласының «Намыс» командасы, ІІІ орынды Қызылорда қаласы иеленді.
Аудандық ашық біріншілікте жақсы ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға номинациялар бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломы мен демеушілердің бағалы сыйлықтары табысталды. Нақтырақ айтар болсақ, үздік ойыншы номинациясы Қазалы командасының ойыншысы ДиасҰлықпашқа, үздік қорғаушы номинациясы Қызылорда командасының ойыншысы Саламат Бижігітұлына, үздік шабуылшы номинациясы «Намыс» командасының ойыншысы Рамазан Уразалиевқа, үздік қақпашы номинациясы Қармақшы командасының ойыншысы Мінуар Шығанаққа бұйырды.
