Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік және қоғам қайраткері Ілияс Қабыловты еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир қорытындыланды.
2006-2007 жж. туылған ұл-қыздар қатысқан айтулы додадаға республикадан 328 палуаннан құралған 12 команда қатысқан. Нәтижесінде қызылордалық дзюдошылар алдыңғы орынға жайғасты. Әр түрлі салмақтан ұлдар арасында Бозша Айдын, Алдаберген Біржан және Жақсылық Нұрислам алтыннан алқа тағынса, Ерсінтай Бақдаулет, Жолдасбек Мағжан және Болат Асанәлі 2-орынды иемденді. Ал Санақбай Ерсұлтан мен Дүйсенбай Нұрдәулет 3 орынды қанағат тұтты.
Қыздар арасындағы тартыс та олжалы болды. 40кг, 48кг, 52кг салмақтарында күрескен Мағанат Талшын мен Алмағамбетова Аружан 1-орынды қанжығаларына байласа, Аманжолова Сания мен Молдағали Сандуғаш күміс алқаны қоржындарына салды. Ал Зейнуллақызы Айзере, Нұрадинқызы Инабат және Жұмағалиқызы Нұршат 3 орынға тұрақтады.
