Kyzylorda-news.kz “Реал Мадридтің” жұлдыз ойыншысы Мбаппе Орталық стадионда ерекше жанкүйерімен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қайрат” клубының басшысы Қайрат Боранбаев Реал Мадрид ойыншыларының Орталық стадиондағы жаттығуына Санжар есімді Мбаппенің кішкентай жанкүйерін шақырғанын мәлімдеді.

“Бүгін өзінің сүйікті командасын, әсіресе Килиан Мбаппені көруді көптен бері армандаған Санжарды Реал Мадрид жаттығуына шақырдым. Санжар өзінің кумирімен кездесіп қана қоймай, бүкіл командамен көрісті: ойыншылар оны жылы қарсы алып, суретке түсіп, қолтаңба берді”, – делінген жазбада.

Мбаппе Санжармен қол алысып, бірге суретке түсіп, қолтаңбасын берді. Видеодан Реалдың барлық ойыншылары мен бапкерлері де Санжарға келіп суретке түсіп, қолтаңба бергенін көруге болады.

Фото: Видеодан скрин

Тағы да оқыңыз: