Kyzylorda-news.kz УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Алматыға келген Испанияның әйгілі "Реал Мадрид" клубының ойыншыларын бүгін қала әуежайында ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонақтарға қазақы қонақжайлық көрсетіліп, дәстүрлі аспаптарда Чемпиондар лигасының әнұраны орындалды. Бұл көрініс спортқа деген сүйіспеншілік пен ұлттық нақышты ұштастырып, жанкүйерлерге әсерлі сәт сыйлады.

Алматылық жанкүйерлер футболшыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, тарихи кездесудің басталуын тағатсыздана күтуде.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойыны ертең, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Тағы да оқыңыз: