Kyzylorda-news.kz. Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тағынып, ел абыройын асқақтатты.

Ол 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер жəне жастар арасында сынға түсіп, жұлқа көтеру – 109, серпе көтеру – 140, қоссайыс нəтижесінде 249 келіні бағындырды.

Ол жасөспірімдер жəне жастар арасында 2 алтын медаль алды.

Айта кетейік, ол былтырғы жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.

А.Сансызбаева Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды. Жаттықтырушылары: Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.

Тағы да оқыңыз: