Kyzylorda-news.kz. Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан өткен онлайн Əлем кубогінде қызылордалық Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тақты.

Жарыстың соңғы күнінде 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түскен Айсамал жұлқа көтеруде – 107, серпе көтеруде – 137 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 244 келіні бағындырды.

Айта кетейік, ол былтырғы жылы
Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.

А.Сансызбаева Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды.
Жаттықтырушылары: Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.

Дүбірлі бəсекеге Еліміздің намысын облысымыздан төрт спортшы қорғады. Атап айтсақ, Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаева Əлем кубогінің жеңімпазы атанды.
Ал Азамат Төлеген мен Мейрамбек Əбдіхалық 4-орындарды иеленіп, шеберліктерін шыңдады.

Тағы да оқыңыз: