Қызылордалық Гүлсая Ержан әлем чемпионатын жеңіспен бастады – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық Гүлсая Ержан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

14.05.2022, 7:56

597 0

Kyzylorda-news.kz. Түркия елінің Стамбул қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы Әлем біріншілігін қазалылық боксшы Гүлсая Ержан жеңіспен бастады.

Шаршы алаңдағы алғашқы қарсыласы украиналық былғары қолғап шеберін айқын басымдықпен жеңген жерлесіміз келесі кезеңге жолдама алды.

Жеңіске жеткен жерлесімізді әлем біріншілігіндегі алғашқы асуымен құттықтап, алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тілейміз!