Kyzylorda-news.kz. Павлодар облысы Екібастұз қаласында бокстан 2002-2003 жылы туылған жастар жəне 2004-2005 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті.

Ел чемпионатына барлық өңірден 250-дей боксшы қыз қатысып, шаршы алаңда бақтарын сынады.

Бұл жарыста қызылордалық боксшы қыздар өнер көрсетіп, облыс қоржынына 4 медаль салды.

2002-2003 жылы туылған жастар арасында 81 келі салмақта сынға түскен Əсел Сағатова Қазақстан чемпионы атанса, Арайлым Бақытжанқызы (+81 келі) күміс жүлдеге ие болды.

2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында Нұржауған Төрешова (46 келі) екінші, Ақгүл Ирзаева (48 келі) үшінші орындарды иеленді.

Спортшы қыздарды Бейбіт Сағындықов, Самат Байекешов, Асхат Жеңісбеков, Шахноза Исаханова, Бақытбек Құлбаев, Мақсат Мыңжасаров жаттықтырады.

Тағы да оқыңыз: