Қызылордалық боксшы Әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық боксшы Әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді

21.04.2021, 16:20

2154 0

Kyzylorda-news.kz. Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Әсел Сағатова (81 келі) қола жүлдені иеленді. Ол осы жүлдесі арқылы бокстан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағына қол жеткізді.

Бұл оның Әлемдік додада жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Ә. Сағатова – 2002 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бокспен 14 жасында шұғылдана бастады. Айтулы спорт түріне келгеніне бір жыл болмастан 2017 жылы қаласында Қарағандыда өткен А.И. Апачинский және В.Р. Тулов жүлделеріне арналған республикалық турнирде екінші орынға ие болды. Қазіргі таңда 3 дүркін Қазақстан чемпионы.

Ол № 2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің мектебінде тәлім алады. Боксшы қыздың спортта жетістіктерге жетуіне жаттықтырушысы Шахноза Исаханованың еңбегі ерен екенін айтуға болады.

0

Пікір қалдыру