Қызылордалық баскетболшылар жеңімпаз атанды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық баскетболшылар жеңімпаз атанды

10.02.2020, 18:20

601 0

Kyzylorda-news.kz. Мұз айдыны» СК-де «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен баскетболдан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары арасында облыстық біріншілік өтті.

Жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 8 команда 2003-2004 ж.т. 212 жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты.

Нəтижесінде ұлдар мен қыздар арасында Қызылорда қаласының #2 ОРМБЖМ мектебінің командасы жеңімпаз атанды.

Ұлдар арасында Шиелі – екінші, Байқоңыр қаласы – үшінші орындарды еншіледі.

Қыздар арасында жүлделі орын алған командалардың нəтижесі ұлдармен бірдей болды.

Жеңімпаз жəне жүлдегер командаларды облыстық баскетбол федерациясының президенті Ғалым Əміреев марапаттады.

0

Пікір қалдыру